АҚШ: «Пхеньян бар талапты орындамайынша, санкциялар кері алынбайды»

0
136
ашық дереккөз

АҚШ президенті Дональд Трамп Солтүстік Корея ядролық қаруды толығымен жоймайынша КХДО-ға қарсы санкцияларын кері алмайтынын мәлімдеді. Бұл туралы ТАСС агенттігі хабарлайды.

Сонымен қоса, Дональд Трамп Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Ынды ядролық арсеналды жою үшін тез арада әрекетке көшуге шақырады.

Ақүйдің баспасөз қызметінің мәлімдемесінде «Президент Дональд Трамп Солтүстік Кореяны өз ядролық арсеналын жою үшін тез әрекет етуге шақырады. Және алдағы келіссөздер барысында АҚШ санкцияларын ядролық және зымырандық сынақтан бас тартуы мақсатында алмастырғысы келмейді», делінген.


Еске сала кетеміз, Солтүстік Корея басшылығы 21 сәуірден бастап ядролық және зымыран сынақтарынан бас тартқанын жариялады. Сонымен қоса КХДР-дың солтүстігіндегі ядролық палигон да жабылды. Дегенмен, ел билігі Пхеньян шекарасына қауіп төнер болса, ядролық қаруды қайта пайдаланатындығын жоққа шығармайды.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз