Қызылордада имамдар спартакиадасы өтті

0
116

Астананың 20 жылдығына және Қызылорданың 200 жылдығына орай Қызылордада діни қызметкерлер арасында «Бірлігі жарасқан» атты спартакиада өтті.

Қызылорда әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлағандай спартакиада 7 айналымнан тұрады: «Үй тапсырмасы», «Аламан», «Қаппен секіру», «Кім жүйрік», «Арқан тарту», «Теннис жарысы», «Капитандар сайысы».

Жарыстың қорытындысы бойынша 1-орынды Жалағаш ауданынындағы «Иманқұл» мешітінің командасы, 2-орын Қазалы ауданынындағы «Жанқожа батыр» мешітінің атынан келген командасына бұйырды. 3-орынды Қармақшы ауданынан келген «Қармақшы ата» мешітінің діни қызметкерлері иемденді.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз