“ДАИШ”* лаңкестік ұйымы шетелдік туристердің Тәжікстанда өлтірілуіне қатысты жауапкершілікті мойындарына алды. Бұл туралы SITE ұйымы экстремистік топтың дереккөзіне сілтеме жасай отырып хабарлады.
Тәжікстан ІІМ таратқан ақпарға сәйкес, жексенбі күні жергілікті сағат 15:30 шамасында республикадағы Хатлон облысы Дангарин ауданында төрт адам мінген көлік велосипедпен қыдырып жүрген жеті туристі қасақана басып кеткен. Үш турист оқиға орнында қаза тапты, біреуі емханада көз жұмды. Қалған үш турист жеңіл жарақат алған. Қаза тапқандардың екеуі АҚШ азаматы, біреуі – Швейцария, біреуі – Голландия азаматы.
Тәжікстан ІІМ қылмысқа қатысы бар үш азаматқа іздеу жариялады.
ДАИШ* – 15 қазан 2015 жылы қабылданған сот шешімі бойынша, Қазақстанда тыйым салынған террористік ұйымдар қатарына енді.
Сафина Саид