Астана процесі: БҰҰ-мен төртжақты келіссөздер күтілуде

0
139
2018 жылдың 16 наурызында Астанада өткен Сирия келіссөздері.

Астана процесіне қатысушы кепілгер елдердің Біріккен ұлттар ұйымымен өтетін төртжақты  келіссөздері сейсенбіде өтеді. Бұл туралы Ресей президентінің Сирия мәселесі бойынша арнайы өкілі А. Лаврентьев хабарлады.

Лаврентьевтің айтуынша, сейсенбі күні таңертең төртжақты форматтағы келіссөздер өтеді, аталған келіссөздерге үш кепілгер (Түркия, Иран, Ресей) мемлекет және БҰҰ арнайы өкілі Стаффан де Мистура қатысады. “Кейіннен бізде оппозиция өкілдерімен кездесу өтеді”, – деп мәлімдейді Лаврентьев.

РИА Новости таратқан ақпарға сәйкес, 30-31 шілде Астана форматында өтіп жатқан Сочидегі Сирия келіссөздерінің оныншы раундына кепілгер елдер делегациясы (Түркия, Ресей, Иран) және БҰҰ, Сирия үкіметі мен оппозиция өкілдері қатысуда.

Сириядағы әскери қақтығыстар 2011 жылдан бері жалғасып келеді. Сирия дағдарысын реттеу мәселелері Астана және Женева алаңдарында талқылануда. Бұған дейін Сирия бойынша Астана келіссөздерінің тоғыз раунды елордада өтті.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз