Дамаск қаласында жаңа әуежай салынбақ

0
104

Сирия билігі Дамаск қаласындағы 50 жыл бұрын салынған, тозығы жеткен әуежайды жаңалауды жоспарлап отыр, деп хабарлайды, РИА Новости.

Көлік министрі Али Хамуд «Дамаскде жаңа әуежай салынатын болады. Қазіргі 1970 жылы салынған әуежайдың қабылдау күші әлсіз болғандықтан біз жаңа әуежайдың жобасын дайындау үстіндеміз», деп мәлімдеді.

Сириядағы соғысқа дейін Дамаскідегі әуежай елдегі ғана емес аймақтағы ең ірі әуежай болатын. Қазіргі таңда 12 ұшақтың тек бесеуі ғана жұмыс істейді, ал қалғаны соғыс уақытында істен шыққан.

Сирия астанасынан Иранға, Ливанға, Арменияға және Ресейге ғана қатынайтын халықаралық рейстер бар.

Дамасктегі әуежайдың директоры Башар Гафра шілде айында әуежайда соғысқа дейін жылына төрт миллионға жуық жолаушыны қабылдай алатынынжариялаған болатын. Қазіргі таңда бұл көрсеткіш жарты миллионға да жетпейді.

Жадыра Аманбайқызы

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз