“АрселорМиттал Темиртау” АҚ мен кеншілердің келіссөз қорытындысы жарияланады

0
51
Қарағанды облысы әкімдігі

“АрселорМиттал Темиртау” компаниясы мен еңбек ақыны көтеруді талап етіп, ереуілге шыққан кеншілердің келіссөздер қорытындысы бейсенбі күні белгілі болатынын ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова мәлім етті.

Министрдің айтуынша, соңғы үш күнде бітімдестіру комиссиясы өз жұмысын жүргізді, деп жазады ru.sputniknews.kz.

Т. Дүйсенова журналистерге мәлімдеме беру барысында, кеншілердің бастапқыда жеті талап қойғанын, аталған талаптар 28 пунктке өскенін алға тартты. 28 пункт комиссия тарабынан қаралған. Министрдің айтуынша, бітімдестіру комиссиясының жұмысы бүгін мәресіне жеткен, комиссия ертең шешімді жариялауы тиіс.

Министрдің растаған ақпаратына сәйкес, жұмыс беруші мен жұмыскерлер барлық ұстанымда бітімге келген.

Еске салсақ, 11 “АрселорМиттал Темиртау” АҚ-ның 4 көмір кенішінің қызметкерлері ауысымнан кейін жер бетіне көтерілуден бас тартты. Кеншілер еңбек ақыны 100 пайызға көтеру, зейнет жасын қысқарту сынды бірқатар талаптар қойған еді. 14 желтоқсанда Шахтинск соты ереуілді тоқтату туралы қаулы шығарды, 15 желтоқсанда барлық кеншілер жер бетіне көтерілді.

Сабина Сайлаубай

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз