Сириядағы адам құқығына қол сұғушылықты зерттейтін БҰҰ-ның тәуелсіз комиссиясы Сириядағы үкімет күштерін Шығыс Ғұтаны қоршауға алған кезде адамзатқа қарсы қылмыс, әскери қылмыс жасады деп айыптады.
Аталған комиссия зерттеуінің қорытындысы куәгерлердің берген куәлігі, фото, бейнежазба, спутниктік түсірілімдер мен медициналық жазбалар негізінде сәрсенбі күні жарияланды, деп хабарлайды Euronews.
Баяндамаға сәйкес, қылмыстық әрекетке барлық Сириядағы кикілжіңге түскен тараптар барған – қарулы оппозиция, лаңкестік ұйымдардың содырлары, үкімет әскері. Дамасктың маңында соңғы ақпан-сәуір айларында кикілжіңдер көп орын алды, салдарынан « үйлер, базарлар мен емханалар қиратылған», – деп жазады баяндамада.
Both sides committed war crimes during siege of Syria's Ghouta: U.N. https://t.co/8Q9DLFak61 pic.twitter.com/RLRrj9Bk9E
— Reuters Health (@Reuters_Health) June 20, 2018
Сондай-ақ үкіметтің азық-түлікке қол жетімділікті бұғаттауы салдарынан 265 000 тұрғынның аштықтан зардап шеккендігі алға тартылады; бұл өз кезегінде «физикалық және писхологиялық залал берген».
БҰҰ комиссиясы сирия үкіметін бұған дейін де провинцияның өзінде, сондай-ақ өзге де кикілжің орнаған аумақтарда химиялық қару қолдануда айыптаған еді.
Сафина Саид