Иранда әйелдер 40 жылда алғаш рет стадионнан футбол матчын тамашалады

0
42
youtube.com алынған кадр/ Ирандық әйелдерге соңғы 37 жылда алғаш рет футбол матчын көруге рұқсат берілді

Тегерандағы ірі «Азади» стадионында 2018 жылғы әлем чемпионаты көрсетілді, атап өтерлігі, чемпионатты әйел адамдардың ер адамдармен қоса отырып тамашалауына 1979 жылдан бергі берілген бұл алғашқы рұқсат.

Жанкүйерлер өз елдерінің (Иран-ред) құрамасының ойын көрсету сәтін «Азадидағы» ірі монитордан тамашалады, матчқа арналған билет екі еуро, өз кезегінде матчты көруге 10 мың көрермен-жанкүйер жиналды.

Газета. ru басылымы таратқан ақпарға сәйкес, бұған дейін Иран мен Марокко құрамасының ойынын әйелдер кинотеатрларға барып тамашалайтын. Бірақ, Иранның Марокконы жеңуі нәтижесінде әйелдер ер адамдармен қоса аталған жеңісті Иран көшелерінде тойлады, сол себептен, Тегеран билігі әйелдерге кезекті матчты стадионнан көруге мүмкіндік берді.


Иран-Испания матчы түн ауа мәресіне жетті. Жеңіс испандықтардың еншісінде.

Сафина Саид

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз