Эгей теңізінде әскери қақтығыс қаупі бар

0
128

Грекия мен Түркия арасындағы қарым-қатынас соңғы жылдарды мұншалықты соғыс жағдайына әкелердей шиеленісіп көрмеген. 20 ғасырда соғыста бетпе-бет келген НАТО-ның екі одақтасы, екі елдің саясаткерлерінің популистік мәлімдемелері салдарынан тағы да әскери қақтығыс алдында тұр.

Бұл туралы Грек журналисті Яннис Бабулиас Foreign Policy журналында жазды деп хабарлайды «Московский Комсомолец» («МК») басылымының түрік жаңалықтары қызметі.

Яннис Бабулиастің мақаласында «Екі мемлекет те қауіпті климаттық жағдайға қарамастан шиеленісті тоқтатуға асығар емес. Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған мен оның «Әділет және даму партиясы» бірігіп Грекияға қарсы агрессиялық іс-әрекеттерді тоқтатпауда. Ал қазір Халықтық-Республикалық партияның басшысы Кемаль Кылычдароғлы қосылып Грекияның бақылауына өтіп кеткен Түркияның 18 аралын қайтаруды талап етуде», деп жазған.

Түркия мен Грекия арасындағы саяси және әскери шиеленіс 1923 жылы екі елдің шекараларын демаркациялау туралы келісімге қайта қарауды талап еткеннен кейін күшейе түскен.

Дүйсенбіде Түркияның премьер-министрі Бинали Йылдырым түрік жағалауының күзетшілері Фурни аралы маңындағы Грек туын алы тастағанын және үш грек жауынгерін таратқанын мәлімдеген болатын. Грекия Бас штабы бірден жауап қайтарып, 48 сағаттың ішінде аймақта бірде-бір түрік қайықтарының табылмағанын және Грекия туының Фурни аралы маңынан алынып тасталмағанын Түркия тарапы жалған ақпар таратқандығын мәлімдеді.

Грекия мен Түркия қарым-қатынасының бұрынғыдан да шиеленісе түсуіне Скирос аралы маңындағы Грекия ұшқышының Түркия тарапынан өлтірілуі себеп болып отыр.

Грек журналистінің пікірінше, Грекияның Ұлттық Қорғаныс министрі болған Панос Камменос Түркияға қатысты агрессивті мәлімдемелерімен де арадағы жағдайды одан әрі шиеленістіре түсті.


Айта кетейік, Түркия билігі қазіргі уақытта Грекияны 2016 жылдың шілдесінде Анкарада болған мемлекеттік төңкерісті ұйымдастыруға қатысқан адамдарды жасырып қалды деп айыптап отыр.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз