Владимир Путиннің америкалық журналист Такер Карлсонмен сұхбатынан кейін «Россия сегодня» бас директоры Дмитрий Киселев, АҚШ президенті Джо Байденмен сұхбаттасу үшін өтініш жіберді. Бұл туралы ол «Россия 1» телеарнасының «Вести недели» бағдарламасында хабарлады.
Дмитрий Киселев бұл сауалды “Ақ үйге” жолдағанын, егер бұл сұхбат ұйымдастырылса, журналистика мен саясаттың тарихында қалатынын айтты.
«Біз елдеріміздің бір-бірін тыңдау және есту мүмкіндігі жоқ деп есептейміз, сонымен бірге Ресей президенті Владимир Путин америкалық аудиторияға бағытталған сұхбатқа келісіп, лайықты үлгі көрсетті деп есептейміз. «Мен сұхбатты «Россия сегодня» медиа тобының бас директоры және елдегі ең танымал «Россия 1» телеарнасындағы рейтингі жоғары «Вести недели» ақпараттық-сараптамалық жексенбілік бағдарламасының жүргізушісі Дмитрий Киселев жүргізуді жоспарлап отырмын», – делінген сұрау хатында.
Айта кетейік, 7 ақпан күні америкалық журналист Такер Карлсон Мәскеуде Ресей президенті Владимир Путиннен сұхбат алған еді. Сенсациялық әңгіме келесі күні Кремль сайтында жарияланған еді.