ЕО Ресейге қарсы санкциялар мерзімін ұзартады

0
72
дереккөзден

Еуроодақ көшбасшылары Мәскеудің Қырымды аннексиялауы және Украинаның шығысындағы ереуілшілерді қолдауға байланысты Ресейге қарсы енгізілген экономикалық санкцияларды алты айға созуға қатысты бейсенбі күні келісім жүргізеді. Бұл туралы Reuters хабарлайды.

Ресейдің энергетикалық, қорғаныс, қаржы және энергетика секторларын қозғайтын негізгі санкциялардың ұзақтығы 2018 жылдың қаңтар айының соңында аяқталады. ЕО көшбасшылары бейсенбі күнгі кездесуде шектеу мерзімін 2018 жылдың ортасына дейін ұзартуға келіседі.

Мәскеу 2014 жылы аннексияланған Қырымды еш уақытта қайтармайтындарын мәлімдеді. Батыс елдері де Ресейді Украинаның шығысында орын алған кикілжіңде сепаратистерді қолдауларына байланысты айыптады.

 Сабина Сайлаубай

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз