Г. Головкинге “Қарағанды облысының құрметті азаматы” атағы берілді

0
57
дереккөзден

Елге сіңірген еңбегі үшін орта салмақта жеңіліс таппаған кәсіпқой боксшы Геннадий Головкинге «Қарағанды облысының құрметті азаматы» атағы берілді.  

Головкиннің кандидатурасын Қарағанды облыстық мәслихатының XIII сессиясында депутаттар бір ауыздан мақұлдады, деп хабарлайды «Қазақпарат».

Депутаттар «Облыстың құрметті азаматы» атағын беру азаматтардың ұзақ мерзімді қызметін қоғамдық тану, олардың қабілеттерін, бастамалары мен жауапкершілігін білдіретіндігін атап өтті.

Бұл атақ азаматтардың қоғамдық белсенділігін арттыру, олардың өңірдің экономикалық және әлеуметтік дамуына ықпал ету және жас ұрпақты қазақстандық патриотизм рухында тәрбиелеу, жұмысқа жауапты қарау және халықтар арасындағы достықты нығайтуға шақыруға негізделген.

Геннадий Головкин шаршы алаңда жеңіліс таппаған орта салмақтағы қазақстандық кәсіпқой боксшы.  2003 жылы әуесқойлар арасында әлем чемпионы болды, 2004 жылғы Олимпиада ойындарының вице-чемпионы. 38 рет қолғап түйістіріп, оның 37-сін жеңіспен аяқтады, 1 – есепке алынбады. WBC World Champion» (орта салмақта), WBA Super World Champion (орта салмақта), IBF World Champion «средний вес), IBO World Champion (орта салмақта) титулдарының иегері.

Сабина Сайлаубай

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз