ЕО Шенген визасын алу ережеcін қиындатты

0
298

Еуропа Одағы Шенген аймағына келетіндер үшін жаңа ереже ұсынды. Бұл туралы Deutsche Welle агенттігі хабарлады.

Хабарламада айтылғандай, бұл ұсыныс мемлекеттерге арналған, бірақ ол Шенген аймағында жүретіндердің барлығына қатысты болуы мүмкін. Еуроодақ кеңесі баспасөз қызметінің хабарлауынша, енді ЕО шекараларын кесіп өтуге рұқсат беру үшін өзге елдер мына талаптарды ескеруі тиіс:

  • соңғы екі аптада инфекция жұқтырғандар саны 25 мың адамға шаққанда 100-ден аспауы керек;
  • әр екі аптаның нәтижесі бойынша инфекция жұқтырғандар саны төмендеуі керек немесе жағдай қалыпты болуы тиіс;
  • ел жеті күн ішінде 100 мың тұрғынға 300-ден астам тест жасауы керек;
  • соңғы аптадағы коронавирус сынағының оң нәтижелері саны 4 пайыздан аспауы қажет.

Сондай-ақ, бұл елдерде коронавирустың түрлі мутацияларының таралу деңгейі ескеріледі.

Еуропа Одағы азаматтары мен тұрғындарына, көлік қызметкерлері мен дипломаттарға аймаққа кіруге рұқсат етілген. Оларда Шенген аймағына кірер алдын 72 сағат өтпеген ПТР тестінің теріс нәтижесі туралы құжат болуы керек.

ЕО Кеңесі азаматтарға кіруге рұқсат етілген мемлекеттердің тізімін үнемі жаңартып отырмақ. 28 қаңтарда жаңартылған тізімге сәйкес, Еуропаға тек Австралия, Жаңа Зеландия, Руанда, Сингапур, Оңтүстік Корея, Таиланд және Қытай азаматтары кіре алады.

ЕО шекарасын кесіп өткен адамдар коронавирусқа қарсы теріс нәтижесі бар ПТР құжат ұсынуға міндетті. Сонымен қатар, елдер карантин, өзін-өзі оқшаулау немесе COVID-19 үшін қосымша тестілеу түрінде қосымша шектеулер енгізе алады.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз