Нұр-Сұлтанда оқушылар мен ата-аналар көшеде ыстық сусын таратты

0
276
Ата-анасы мен баласы көше қызметкерлеріне ыстық кофе ұсынып тұр. Photo: Facebook / Selman Simsek

6 ақпан күні астанадағы NURORDA мектеп-лицейінің оқушылары мен ата-аналары қала көшесін қардан тазалап жүрген жұмысшыларға ыстық кофе таратты.

Оқи отырыңыз: Футболшы Мохаммед Салахпен кездескен қазақ бала кім?

Қағаз кофе ыдысының сыртында “Жүрекке жылу сыйла” атты жазу бар. Бұл шараның бір мәні қала көшесін қардан тазартып жүрген кісілерге алғыс айту болса, екіншісі оқушыларға себепсіз жақсылық пен жомарттық жасауға тәрбиелеу болса керек. 

Іс-шараға атсалысқан барлық оқушы мен ата-анаға рахмет айтқан мектеп директоры Селман Шимшек оқу ордасында “Жомарттық” айының басталғанын хабарлады.

Оқи отырыңыз: Роналду автограф қойған жейде. Оқушылар арасында футзал чемпионы анықталды

Қазақстанда “Білім-инновация” ХҚҚ-на қарасты мектептер “Құндылыққа негізделген мектеп” жобасы аясында жылдың әр айында әр құндылыққа (жомарттық, адалдық, қарапайымдылық т.б.) басымдық беріп оқушыларды біліммен қоса адами құндылыққа баулуды бастаған.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз