Өткен тәулікте 1003 адам коронавирус жұқтырып, 11 адам қайтыс болды

0
153

7 ақпанда Қазақстанда 1003 адамнан коронавирус табылды. 18 адам коронавирус пневмониясына шалдықты. Бір күнде 6 адам – коронавирустан, 5 адам коронавирус пневмониясынан көз жұмды. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі 8 ақпан таңертең хабарлады.

Өткен тәулікте ең көп науқас Павлодар облысында (222) тіркелген. Ақмола облысында – 118 және Алматы қаласында – 114 адамнан коронавирус анықталған. Қалған облыстар мен қалаларда бір күнде анықталған науқастар жүзге жетпейді.

Наурыздан бері коронавирус жұққаны тестпен расталған науқастар 196 115 адамға жеткен.

Денсаулық сақтау министрлігі 1 тамызға дейін пневмонияның бірнеше түрін бірге есептегенін айтады. 6 айға жуық уақыт ішінде 48 313 адам коронавирус пневмониясына шалдыққан. 584 адам қайтыс болған. 37 471 адам жазылған.

Қазір коронавирустан 27 028 адам ( оның ішінде 10258 адам пневмониядан) емделіп жатыр. 268 адамның жағдайы ауыр, 49 науқастың жағдайы өте ауыр. 42 адам жасанды тыныс аппаратына қосылған.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз