Тоқаев әскерге шақыру туралы қаулыға қол қойды

0
423
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев.

8 ақпанда Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев әскери қызметшілерді запасқа шығару және ел азаматтарын 2021 жылдың наурыз – шілдесінде және қыркүйек – желтоқсанында мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру туралы қаулыға қол қойды.

Қаулыда осы жылдың наурыз – шілдесінде және қыркүйек – желтоқсанында ҚР Қарулы Күштері, Ішкі істер министрлігі, Төтенше жағдайлар министрлігі және Ұлттық қауіпсіздік комитетін Мемлекеттік күзет қызметі қатарынан запасқа шығарылатыны жазылған.

Сонымен қатар, әскерге шақыруды кейінге қалдыруға немесе одан босатылуға құқығы жоқ он сегіз жастан жиырма жеті жасқа дейінгі ер азаматтардың жоғарыдағы ведомстволарға әскерге шақырылатыны айтылған.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз