Нұр-Сұлтан қаласы “қызыл” аймаққа кірді

0
482

8 ақпан күні эпидемологиялық жағдайға байланысты Нұр-Сұлтан қаласы “қызыл” аймаққа кірді. Бұл туралы hls.kz сайты жариялады.

Ел астанасымен бірге “қызыл” аймақта Павлодар және Ақмола обылсы тұр. 

Қазір “сары” аймақта БҚО, Атырау, Қостанай, және Солтүстік Қазақстан облыстары бар.

7 ақпан күні “Romantic” гүл дүкені желісінің кезекті бір филиалының ашылуы кезінде 2 мыңдай адам жиналды. Осыған, гүл дүкенінің филиалы ашылуы кезінде ұтыс ойынын өткізуі себеп болған.

Дүкен ашылуына жиналған жұрт әлеуметтік қашықтық сақтамаған. Бір-бірін итеріп, кезекке таласқан жұрт жанжал шығарған. Оқиғаға полиция қызметкерлері араласып, жұртты таратуға тырысқан. Ал, ұйымдастырушылар техникалық ақаулар шықты деп ұтыс ойынын кейінге шегерді. ️ ️

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз