Forbes 2018 жылдағы ең ықпалды әйелді атады

0
89
Ангела Меркель

Forbes 2018 жылдағы ең ықпалды әйелдің Германия канцлері Ангела Меркель екенін жариялады. Меркельден кейінгі орынға Ұлыбритания үкімет басшысы Тереза Мэй, ХВҚ басшысы Кристин Лагард жайғасты.

2005 жылдан бастап канцлер қызметін атқаратын Меркель 2021-ге қайта сайланбайды. Бірақ ол әлі де Еуропада көшбасшысы болып қала береді.

Ұлыбритания королевасы Елизаветта ІІ 23-ші орынға, ал АҚШ президенті Дональд Трамптың қызы әрі кеңесшісі – Иванка 24-ші орынға ие болды.

7kun.kz сайтының хабарлауынша, атақты әнші Бейонсе 50-ші, евродипломатияның басшысы Федерика Могерини 67-ші орынға тұрақтады.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз