Қоғамдық көлік тегін қатынайтын жалғыз ел

0
86

Әлемдегі ең қауіпсіз қала Люксембургтың халқы 2019 жылдың жаз мезгілінен бастап кез келген қоғамдық көлікпен тегін қатынайды. Бұл туралы The Guardian газеті хабарлады. Мұндай шешімді осы уақытқа дейін әлемдегі бірде-бір ел қабылдамаған.

Автобустарда, трамвайларда және поездарда жол жүру ақысын тегін ету арқылы билік  экологиялық жағдайды жақсартып, астанадағы кептеліс санын азайтуға болады деп есептейді.

The Guardian хабарлауынша, герцогтікке жұмысқа келетін Франция, Германия және Бельгия тұрғындарының әсерінен мемлекет күн сайын  жол кептелісі проблемасына тап болады(шамамен 200 мың адам). Жалпы, герцогтікте 600 мыңнан астам адам тұрады, олардың 400 мыңға жуығы қалаға жұмысқа келеді. Ал, Люксембургтің  өзінде 110 мыңға жуық адам тұрады.

Айта кетейік, 2018 жылдың жазында Люксембург билігі балалар мен 20 жасқа дейінгі жасөспірімдерге тегін транспорт қызметін орнатқан болатын.

Халықаралық Mercer консалтингтік компаниясының зерттеуіне сәйкес Люксембург әлемдегі ең қауіпсіз қала саналады.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз