Францияда қазақ сарбаздарының қабірі табылды

0
169
Сурет: tengrinews.kz

Өткен жылдың мамыр айында Францияда қазақ сарбаздарының қабірі табылған болатын. Қазақ сарбаздарының жерленгені туралы нақты мәлімет қазақстандық зерттеушілер тобының ғылыми жұмысы нәтижесінде анықталған. Бұл туралы зерттеу тобының ғалымдары хабарлады.


Тарихи деректер бойынша, қазақтар Екінші дүниежүзілік соғысы жылдарында Францияны азат ету шайқастарына қатысқан. Олар Францияға қалай жетті? Көптеген сарбаз немістердің тұтқынында болған. Немістер әскери тұтқындарды Еуропаға жеткізген. Кей сарбаздар қашып шығып, партизандарға қосылған.

Тарих ғылымдарының докторы, профессор Гүлнар Меңдіқұлова Франциядағы архивті зерттеген. “Ақпарат түйір-түйірмен жиналды, оның ішінде “Мемориал” мәліметтер банкі беттеріндегі мәліметтер де көп көмектесті”, – дейді ол.

Қазақ сарбаздары туралы мәліметтер “Екінші дүниежүзілік соғыстағы қазақтар: шетелдік мұрағаттардағы құжаттар” деп аталатын жинақта жарияланды. Шетелдік мұрағаттарды зерттеуге еріктілер мен елшілік қызметкерлері көмектескен.

“Қазақстандықтар соғыста жоғалып кеткен жақындарын әлі іздеп жүр. Ал ғылымда бұл тақырып әлі зерттелмеген. Біз ұмытылған есімдерді қайта жаңғыртуымыз керек. Бұл құжаттар жинағы қазақстандық және әлемдік тарихта аз зерттелген кезеңдердің орнын толтыру жолында маңызды үлес болып отыр, ол маңызды ғылыми, әскери-патриоттық және қоғамдық мәнге ие”, – дейді ғылыми еңбектің авторлары.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз