Француз билігінің мәліметінше, 3 шілдеге қараған түні елде 157 адам ұсталған. Францияда, тәртіпсіздіктер жасөспірімнің полиция қызметкерінің қолынан қаза болуына байланысты болып жатыр, деп хабарлайды Kazaknews.kz.
27 маусымнан бастап Францияда тәртіпсіздіктер жалғасып жатыр. Дегенмен, шетелдік БАҚ хабарлауынша жағдай қалыпқа келіп жатыр. Себебі, 3 шілдеге қараған түні тәртіп бұзушылық бойынша барлығы 157 адам ұсталған. Бұл алдыңғы түндерге қарағанда айтарлықтай аз. Мәселен, 2 шілдеге қараған түні Францияның Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, елде 719 адам қамалған.
Оқи отырыңыз: Францияда полиция жасөспірімді өлтіргеннен кейін жаппай тәртіпсіздік 3-күн қатарынан жалғасып жатыр
Бұдан бөлек тәртіпсіздік кезінде мародерлер өткен түні Lacoste дүкенін тонап, мыңдаған еуро шығын келтірген.
“Экс-Марсель-Прованс” сауда-өнеркәсіп палатасының төрағасы Жан-Люк Шовин тәртіпсіздік басталғалы бері тек Марсельде 400-ге жуық сауда нүктелері зақымданғанын және шығынның 100 миллион еуродан асқанын айтты.
Полицейлер өлтірген 17 жастағы жігіттің әжесі тәртіпсіздіктердің тоқтағанын қалайтынын айтты.
«Біз бүлікшілердің дүкендерді, автобустар мен мектептерді қиратқанын қаламаймыз. Олар Наэльді сылтау ретінде пайдалануда. Біз жағдайдың тынышталғанын қалаймыз», – деді ол француздық BFM TV-ге.
Тәртіпсіздікке қатысушылар Париж маңындағы әкімдік басшысы Л’Ай-Ле-Розе Винсент Жанбрюннің үйіне өртеп жіберді. Осы уақытта оның әйелі мен бес және жеті жастағы балалары үйінде ұйықтап жатқан. Әкім Л’Ай-Ле-Роздың өзі үйде болмаған. Себебі ол бірнеше түн қатарынан тәртіпсіздіктерге байланысты әкімдік ғимаратында қонған.
Кейінірек Винсент Жанбрюн Твиттерде оның жұбайы мен балалары жанып жатқан үйден шығуға тырысқанда жарақат алғанын айтты. Әкімнің әйелі аяғын сындырған, ал бір баласы жарақат алған. Бұл оқиғаны құқық қорғау органдары кісі өлтіру әрекеті ретінде қарастырады.
Франция қалаларындағы жаппай тәртіпсіздіктер 27 маусымда 17 жастағы жүргізуші Наэль М.-ның полиция қолынан қаза табуына байланысты басталды. Ресми нұсқаға сәйкес, жас жігіт көлік жүргізіп келе жатып, полиция қызметкерінің өтініші бойынша тоқтаудан бас тартқан, сөйтіп кейін оған оқ атылған. Іс бойынша құқық қорғау органдары тарапынан тергеу басталған. Жасөспірімге оқ атқан полиция қызметкері қамауға алынып, оған қасақана кісі өлтірді деген айып тағылды.
Тәртіпсіздіктер барысында бірқатар елді мекендерде бүлікшілер тобы дүкендерді тонап, көліктер мен қоқыс жәшіктерін өртеп жіберді. Билік қоғамдық тәртіпті сақтау үшін ондаған мың полиция қызметкерлерін тартуға бұйрық берген. Осы оқиғаларға байланысты жүздеген адам қамауға алынды.