Германия президенті Штайнмайер екінші мерзімге қайта сайланды

0
249
Франк-Вальтер Штайнмайер. Photo: DW

13 ақпанда Франк-Вальтер Штайнмайер Германия президенті болып екінші мерзімге сайланды. Бұл жөнінде Deutsche Welle агенттігі хабарлады.

Германия президентін сайлайтын Федералды жиынның басым көпшілігі Штайнмаейр кандидатурасын қолдаған. Федералды жиын құрамына Бундестаг депутаттары мен Федералды жер өкілдері кіреді.

Социал-демократ Штайнмайер кандидатурасын Германия билігіндегі коалициялық үкімет құрамына кіретін жетекші саяси партиялардың бәрі құптаған. 1425 дауыстың 1045-ін алды, жиынның 86 мүшесі қалыс қалды.

66 жастағы Штайнмайер бұрын Германияның сыртқы істер министрі, вице-канцлер қызметтерін атқарған. Донбастағы конфликтіні реттеуге арналған “Норман форматындағы” келіссөзге қатысқан. Украина-Ресей жанжалынан кейінгі Минск келісімдерін жүзеге асыруға арналған жоспарлардың бірі “Штайнмайер формуласы” деп аталады. 2017 жылы Германия президенті болып сайланған. Конституция бойынша президенттің өкілеті аса үлкен емес, бірақ неміс қоғамында президент моральдық тұрғыдан беделді адам саналады.

Штайнмайер қайта сайланғаннан кейінгі сөзінде демократияны қорғаудың маңызы жөнінде айта келе, Еуропаға соғыс қаупі төніп тұрғанын айтты. Украинаға қарсы агрессияшыл әрекеттерін күшейтіп, жағдайды ушықтырып отырған Ресейге жауапкершілік жүктелетінін сөз етіп, саяси дағдарыстан шығу жолын бірге іздестуріге шақырды.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз