Берлиндегі наразылық акциясына шамамен 25 мың адам қатысты. Бұл туралы Frankfurter Allgemeine Zeitungжергілікті полицияға сілтеме жасай отырып хабарлайды.
Басылым таратқан ақпарға сәйкес, митингтердің бірін «Германия үшін балама» оңшыл партиясы ұйымдастырған. Аталған митингке шамамен 5 мыңға жуық адам қатысқан. «Германияның болашағы үшін» деген бастамамен өткен наразылық шеруіне қатысушылар миграциялық саясатты қайта қарауды, елдегі «исламдандыру» үрдісін тоқтатуды сұраған.
РИА Новости таратқан ақпарға сәйкес, сол уақытта «Германия үшін балама» оңшыл партиясына қарсы шамамен 20 мың адам көтерілген. Бұл тараптас акциялар Германияның бірқатар аудандарында өтті. Рейхстаг ғимаратының алдында бірнеше мың белсенділер наразылық акцияларына қатысты.