Германияда 25 мың адам наразылық акциясына шықты

0
109
АFР

Берлиндегі наразылық акциясына шамамен 25 мың адам қатысты. Бұл туралы Frankfurter Allgemeine Zeitung жергілікті полицияға сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Басылым таратқан ақпарға сәйкес, митингтердің бірін «Германия үшін балама» оңшыл партиясы ұйымдастырған. Аталған митингке шамамен 5 мыңға жуық адам қатысқан. «Германияның болашағы үшін» деген бастамамен өткен наразылық шеруіне қатысушылар миграциялық саясатты қайта қарауды, елдегі «исламдандыру» үрдісін тоқтатуды сұраған.

РИА Новости таратқан ақпарға сәйкес, сол уақытта  «Германия үшін балама» оңшыл партиясына қарсы шамамен 20 мың адам көтерілген. Бұл тараптас акциялар Германияның бірқатар аудандарында өтті. Рейхстаг ғимаратының алдында бірнеше мың белсенділер наразылық акцияларына қатысты.

Сафина Саид

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз