Оралу
Әлемде Индонезияда су тасқынынан 30-ға жуық адам қаза тапты
Шамамен 30 адам Индонезияның Суматра аралығындағы Бенкулу елді-мекенінде болған сел мен су тасқыны салдарынан қаза тапты. Бұл туралы дүйсенбіде Синьхуа агенттігі жергілікті биліктің мәлімдемесіне сілтеме жасай отырып хабарлады.
Олардың сөзінше 13 адам із-түссіз жоғалып кеткен. Тропикалық нөсер салдарынан Бенкулу елді-мекеніндегі өзендер арнасынан асып, жақын маңдағы аудандарды басып кеткен. Табиғат апатынан зардап шеккен шамамен 12 мың тұрғын эвакуацияланды.
Жүздеген тұрғын үйлер мен шаруашылық орындары материалдық шығынға ұшырады, бірнеше көпірлер мен жолдар бұзылған.
Су деңгейі әзірге түсіп келеді деп хабарланады, дегенмен жауын-шашын жауса, қайтадан арнасынан асуы ғажап емес.