Президентікке үміткер Әміржан Қосанов қазақ тілінен емтихан тапсырды

0
154
Әміржан Қосанов/дереккөзден

“Ұлт тағдыры” қозғалысынан президентікке үміткер Әміржан Қосанов қазақ тілінен емтихан тапсырды. Бұл туралы Tengrinews.kz хабарлайды.

“Бүгін Қосанов Әміржан Сағидрахманұлы емтихан тапсырды. Емтихан үш кезеңнен тұрды. Жазба жұмысын өте жақсы жазып шықты. Өте жақсы оқыды. Еркін тақырыпта да жақсы сөз саптай алды”, – деді лингвистикалық комиссия мүшесі Мырзатай Жолдасбеков.

Қосановтың өзі емтиханның қызық өткенін айтты. Жазба жұмысында үш қате жіберген, бірақ ауызша сөз саптауда оны уақытынан бұрын тоқтатқан. Комиссия мүшелері Қосановтың мемлекеттік тілді еркін меңгеруі күмән келтірмейтінін алға тартты.

Ә.Қосанов президентікке үміткерлігін 26 сәуірде жариялады.

Қызылордада дүниеге келген. Түрлі жылдары журналист болып қызмет еткен, жастар, туризм және спорт ісі бойынша министрдің орынбасары болды. Үкіметтің баспасөз қызметінің жетекшісі болды.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз