Иракта 15 Түркия азаматына өлім жазасы кесілді

0
136
дереккөзден

25 ақпанда Ирак соты Түркияның 15 әйел азаматын «Ислам мемлекеті»* лаңкестік ұйымымен сыбайластығы үшін өлім жазасына (асу арқылы) кесті. Тағы бір түркиялық азаматқа өмір бақи бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

АFP таратқан ақпарға сәйкес, тергеу барысында 20-50 жас аралығындағы әйелдер «Ислам мемлекеті» тарапында соғыспақ болған күйеулерімен еріп Иракқа келген. Жауапқа тартылғандар лаңкестік ұйымдарға террорлық әрекеттерін жүзеге асыру барысында көмек қолын созған. Айып тағылған 16 әйелдің барлығы кінәларын мойындады. Жазаға тартылушылардың сот шешіміне арыздануына бір ай уақыттары бар.

Германия азаматтары да айыпталды

Ирак құқық қорғау органдарының мәліметінше, елде 509 шетел азаматтары (әйелдер) 813 баламен тұтқындалған, олардың 300 Түркия тумасы. Бұдан өзге Иракта Германия азаматтары да жазаға тартылды.

18 ақпанда Бағдадтағы сот 17 жастағы неміс азаматы Линда. В-ны 6 жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Бұған дейін қаңтарда мароккалық Германия азаматын өлім жазасына кескен еді. Әйел ирак құқық қорғау органдары қызметкерлеріне шабуыл жасады деп айыпталды.

Сафина Саид

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз