Иранда бұрынғы вице-президент Хамид Реза Бакай қызметін асыра пайдаланып мемлекеттік қаражатты ұрлағаны үшін 63 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды CA-News.
Хамид Реза Бакай 2009 жылдан бастап 2013 жылға дейін вице-президент қызметін, сонымен қатар, 2011 жылы президент әкімшілігін басқарған.
Хамид Реза 2015 жылы қамауға алынып, кейін тергеу барысында босатылды. 2017 жылдың мамыр айында ол президенттік сайлауға қатысуға тырысқанымен оның кандидатурасы қабылданбады. Кейінірек, шілде айында экс шенеунік қайта қамауға алынды.
Бұрынғы вице-президент өзіне тағылған айыптаулардан бас тартты.
Жадыра Аманбайқызы