Қазақстан елшісі Франция президентіне сенім грамотасын табыстады

0
58

Елисей сарайында Қазақстан Республикасының Елшісі Жан Ғалиев Француз
Республикасының Президенті Эммануэль Макронға сенім грамотасын табыстады, деп хабарлайды ҚР СІМ баспасөз қызметі.

Әңгімелесу барысында Елші Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың
француз көшбасшысын Астанаға сапармен келуге шақыруын растады. Эмманюэль
Макрон оны алғыспен қабылдады. Ж. Ғалиев екі мемлекет арасында 25
жылдан астам дипломатиялық қатынастары арқасында өзара тиімді және
сенімді ынтымақтастықтың дамуын атап өтіп, бүгінде елдеріміз стратегиялық
серіктес болғанын айтты. Ол алдағы уақытта әрекеттесудің барлық
салаларын кеңейту мен нығайту, сондай-ақ оны жаңа сапалы мазмұнмен
толтыру қатынасында керекті күш салынады деп сендірді.

Президент Эмманюэль Макрон әлемдік және өңірлік мәні бар өзекті мәселелерді
шешудегі Қазақстан рөлінің өсіп жатқандығын жоғары бағалады. Ол
Астанада сирияаралық келіссөздер жүргізудің маңыздылығын жеке атап өтті. Франция көшбасшысы 2018 жыл стратегиялық серіктестік туралы Шартына
қол қойылғанының 10 жылдығына арналатынын атап өтті, сонымен қатар
оны екіжақты форматта, сондай-ақ халықаралық ұйымдар шеңберінде
қарқындатуды қолдайтынын айтып өтті.

Әңгімелесу қорытындысы ретінде Э. Макрон Президент Н. Назарбаевқа
жылы сәлем жолдап, жақын уақытта Қазақстан көшбасшысымен кездесу
үмітін білдірді.

Жадыра Аманбайқызы

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз