Кеншілер еңбек дауы шешімін тапты

0
72

Кеншілерге қатысты еңбек дауын шешу үшін құрылған екі жақты комиссия өз жұмысын аяқтады, деп хабарлайды Қарағанды облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Кәсіподақтардың қатысуымен талқыланған барлық мәселелер бойынша, көмір департаментінің барлық сегіз кеніштерінің бастамашыл топтары, кәсіпорын әкімшілігі тараптары келісімге келді.

Екі жақты комиссия жұмысының төрағасы Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошанов бәрінің қиын жағдайда қалғанын алға тарта отырып, дегенмен келіссөзге келуге мүмкіндік туғанын айтты. Облыс әкімінің айтуынша, барлық кеніштер бүгінде штаттық режимде жұмыс жасауда, бастамашыл топтардың ендігі мақсаты- еңбек ұжымдарына қабылданған шешімдерді жеткізу.

Комиссия жұмысының барысында мәселелердің бір бөлігі күн тәртібінен алып тасталды, себебі олар 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енетін ұжымдық шарттың жаңа редакциясында көзделген.

Тараптар материалды-техникалық қамтамасыз ету мәселесі бойынша келісімге келді.

Қабылданған шешімдерге бастамашыл топтар қанағаттанды.

Сабина Сайлаубай

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз