Израиль далада маска тағып жүру ережесін алып тастады

0
220
Israelis throwing face masks as they celebrating after the Ministry of Health canceled the mandatory wearing of face masks in the open air, in Jerusalem, April 18, 2021. Photo by Yonatan Sindel/Flash90 *** Local Caption ***

18 сәуірде вакциналау бойынша әлемде бірінші орында тұрған Израиль билігі далада маска тағып жүру ережесін алып тастады.  Елде коронавирус жұқтырғандар да едәуір азайып, шектеу шаралары қысқара бастаған.

Осы айдың ортасында Израильде халықтың 80 пайыздан астамы (16 жастан асқандарға салынған) Pfizer/BioNTech вакцинасының екі дозасын алған. Қаңтар айының ортасында күніне 10 мыңнан астам науқас тіркелген Израильде коронавирус жұқтырғандар ақпан айында азайып, кейінгі апталарда күніне 200-300 адамнан вирус анықталып жүр. Ауруханаға түскендер мен адам өлімі де азайған. Індет өршіген кезде елде күніне 100-ге дейін адам өлімі тіркелген болса, қазір бұл көрсеткіш 10-ға түскен.

Израиль премьер-министр Биньямин Нетаньяху дегенмен індет аяқталды деп айту әзірге ерте екенін айтады.

Шекаралар әлі жабық, елге кіру бойынша шектеу шаралары күшінде тұр.

Маска режимі шамамен бір жыл бұрын енгізілген. Бірақ жабық ғимарат ішінде халық әлі маска тағып жүруге міндетті.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз