Йемендік бүлікші-хоуситтар Біріккен Араб Әмірлігінің (БАӘ) астанасы Абу-Дабиге шабуыл жасауға ниетті екендерін жариялады.
Бұл туралы Al Sumaria телеарнасындағы эфирде қозғалыс өкілі Мұхаммед Әбдел Салям мәлімдеді деп хабарлайды Лента. ру.
«Абу-Даби – біздің негізгі мақсатымыз әрі біздің баллистикалық зымырандарымыздың тікелей мақсаты», – деп атап өтті Салям.
Қозғалыс өкілінің мәлімдеуінше, хоуситтар сондай-ақ Сауд Арабиясы аймағында да жауынгерлік операцияларын кеңейтпек.
Сенбі күні хоуситтар Сауд Арабиясының оңтүстігіндегі шекаралық әкімшілік аумақтағы Наджран әскери қойма аумағына зымыран соққысын жасады. Соққы Сауд Арабия ханзадасы шиит бүлікшілеріне қарсы күресті жалғастыруға ниетті екенін жариялағаннан кейін бірнеше сағаттан кейін берілді.
Йеменде бірнеше жылдар қатарынан азаматтық соғыс жүріп жатыр. Соғысып жатқан бір тарап «Ансар Аллах» шииттік қозғалысы болса, екіншісі БАӘ- ге енетін Сауд Арабиясы басқаратын коалиция.
Сабина Сайлаубай