Каталония вице-премьері «жаңа республика» құруға қатысты пікір білдірді

0
63
ашық дереккөзден, REUTERS

Каталонияның вице-премьері Уриол Жункерас Испания билігі жаңа республика құруды жариялаудан өзге шарғы қалдырмағанын мәлімдеді. Бұл туралы newsru.com хабарлайды.

Журналистермен әңгіме барысында Жункерас оның Солшыл республикалық партиясы республика құру жұмысын бастайтынына уәде берді, өйткені олар мұндай республиканы құру үшін өздерінде «демократиялық мандат» бар екенін түсінеді. Сонымен қатар вице-президент мұндай мәлімдемені Каталония президенті Карлес Пучдемон үкіметінің атынан емес, партия жетекшісінің атынан жасағанын айтты. Жункерас испан билігі Каталонияға басқа таңдау қалдырмағанын атап өтті.

Атап өтерлігі, Каталонияда 1 қазанда тәуелсіздікке қатысты референдум өткізілді. Испаниядан бөлінуді  сайлау учаскесіне келгендердің 90 %-ы қолдаған. Мемлекет билігі референдум нәтижесін заңсыз деп танып, сайлау нәтижелерін мойындамады.

Өткен сенбі 21 қазанда Мадрид Каталония үкіметін таратқанын жариялап, Испания конституциясының 155 бабына сәйкес аймақта жаңа сайлау өткізуге ниетті екенін жариялады. Мұндай шара қазіргі уақытқа дейін қолданылмаған.

Испан премьері Мариано Рахой Каталониядағы сайлау жарты жыл көлемінде өту керектігін мәлімдеді. Бұдан кейін «жағдай реттеледі» деп есептейді ол. Мадрид сондай-ақ, Каталония парламенті өзінің өкілетті функцияларын орындауды жалғастыратыны туралы мәлімдеді, бірақ өз кандидатурасын аймақ басшысы лауазымына ұсына алмайды.

Сабина Сайлаубай

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз