Бақытжан Сағынтаев Маңғыстау кәсіпкерлерімен кездесті

0
108

ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Маңғыстау облысының кәсіпкерлерімен кездесіп, өңірді дамытудың жаңа мүмкіндіктері мен әлеуметтік мәселелерін талқылады, деп хабарлайды Премьер-Министрдің баспасөз қызметі.

Өңірдің бизнес қауымдастығы тарапынан Өңірлік кеңестің төрағасы, «Запказтранзит» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы Жаңабай Сүйіндіков, «Қазтеңізтрансфлот» компаниясының бас директоры Марат Орманов, Маңғыстау облысы Туризм қауымдастығының төрағасы, «Каспий холдинг» ЖШС директоры Виктор Кох, «Агророст» фермерлер қауымдастығының төрайымы Нұрсәуле Жиенбаева, «Заман және К» ЖШС және «Салют және К» ЖШС директоры Хажеден Измаилов, «Ақтау халықаралық әуежайы» АҚ атқарушы директоры Ерғазы Жолдасов, «Кезби» ЖШС директоры Бітім Кезбаев, «deSali design territory studio» ЖШС және «Coffee&People» ЖШС директоры Сәуле Салыхова және «ҚазАзот» АҚ «Шағырлы–Шөмішті» бөлімшесінің директоры Абзал Меңдібаев сөз сөйледі.

Бақытжан Сағынтаев ҚР Үкіметі еліміздің бизнес ахуалын жақсартып, отандық бизнесті дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасау жолында жүйелі негізде жұмыстар жүргізіп жатқанын атап өтті. Бизнесті қайта реттеу бойынша белсенді шаралар қабылданып жатыр, бүгінде бизнеске рұқсат құжаттамасының саны шамамен үш есеге қысқартылды.

Сондай-ақ, түрлі есептемелер мен мәлімдемелердің, негізсіз салық тексерулерінің санын қысқарту бойынша жұмыстар жалғастырылып жатыр. Бұдан өзге, бизнестің мемлекеттік сатып алуларға және квазимемлекеттік сектор сатып алуларына қолжетімділігін арттыру бойынша көлемді жұмыстар жүргізілді, еліміздің әрбір жүйе құраушы кәсіпорны бойынша жергілікті қамту көлемін ұлғайтудың мақсатты индикаторларын орнату жұмыстары бастау алды.

Жадыра Аманбайқызы

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз