Каталонияның жаңа үкіметі ант қабылдады

0
68
Каталония үкіметінің басшысы Жоаким Торра (мұрағат)/дереккөзден

Каталонияның жаңа үкіметі сенбі 2 маусымда ант қабылдады. Автономды аймақтың басшысы болып Жоаким Торра сайланды. Каталонияда жаңа үкіметтің жұмысын бастауы Испания конституциясындағы 155 баптың жойылуына әкеледі. Аталған бапта автономды аймақты (Каталония-ред) Мадрид басқарады деп жазылған.

Үкімет «република формасындағы тәуелсіз мемлекеттің қозғалысына бейілділікті сақтап қалады», – деп мәлімдеді Торра салтанатты рәсімнен кейін. Торро сондай-ақ Испанияның жаңа премьер-министрі Педро Санчесты диалогқа, бірлесе шешім қабылдауға шақырды, деп жазады Deutche Welle басылымы.


2017 жылдың қарашасында испан үкіметі каталон әкімшілігін отставкаға жіберіп, аймақтық парламентті лауазымынан айырды. Бұған себеп, жергілікті саясаткерлердің аймақтың тәуелсіздігіне қатысты референдум өткізуі және «тәуелсіз каталон республикасын құру» туралы ұстанымдары.

Каталон үкіметінде референдумның өтуі Испанияның Конституциялық Сотымен заңсыз деп танылды. Испаниядағы сот органдары бірқатар каталон саясаткерлеріне қарсы бюджет қаражатын орынсыз жұмсау, наразылық ұйымдастыру т.б айып тағып, іс қозғады.

Сафина Саид

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз