Сирия АҚШ-тан әскерін алып кетуді талап етті

0
92

Сирия вице-премьері Валид Муаллем АҚШ әскерінің Араб Республикасынан кетуін талап етті. Бұл туралы Валид Муаллем Дамаскідегі баспасөз мәслихатында мәлімдеді, деп хабарлайды Лента.ру.

Валид Муаллем: АҚШ өзінің Эт-Танфадағы әскери базасын жауып, Сирия аумағынан әскерін түбегейлі шығарған кезле ғана Сирия билігі елдің оңтүстігіндегі қауіпсіздік мәселесі жөніндегі келіссөздерді бастайды.

28 мамырды Ресейдің Сыртқы істер министрі Сергей Лавров АҚШ -тың Эт-Танфадағы әскерін шығаратындығы туралы үмітін білдірді. Ол Сирияның оңтүстігінде шекарасында тек үкіметтік күштер болуы тиіс екенін атап өтті. 

Сирия әскерінің айтуынша, АҚШ аталған аймақта оппазициялық күштерді дайындаумен айналысуда. Сол себептен де Сирия билігі АҚШ-тың Сириядағы әскери базасын жабуды талап етуде.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз