Үндістан құрылықаралық зымыранды сынады

0
81
"Агни-5" зымыранының ұшырылу сәті/odishasuntimes.com

Үндістан «Агни-5» құрылықаралық баллистикалық зымыранын сынақтан сәтті өткізді. Аталған зымыран Одиша штатының жағалауындағы Абдул Калам аралындағы полигонда сынақтан өткен. Зымыран бір тоннадан аса салмақтағы ядролық қаруды тасымалдауға қабілетті, деп жазады Odisha Sun Times.

«Жер-жер» сыныбындағы зымыранның салмағы 50 тонна, 5000-нан 8000 шақырымға дейінгі жарылғыш затты тасымалдауға қабілетті. Басылым таратқан ақпарға сәйкес, зымыран Қытайдың барлық аумағына жетеді.

Аталған «Агни-5» зымыраны есеп бойынша 6-шы рет ұшырылып жатыр. Алғаш рет зымыран 2012 жылы сыналды.

Бірнеше сынақтан кейін зымыран қару-жарақ сапына қабылданады деп хабарланады. Мұндай қарқындағы зымырандар қазіргі уақытта АҚШ-та, Қытайда, Ресейде, Франция мен Ұлыбританияда бар.

Сафина Саид

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз