Денсаулық сақтау министрінен менингитке қарсы вакцина кеңесі

0
66

Республикада әдеттегі тұмаудан басталып арты ми ауруына әкеліп соғатын менингиттен 12 адам көз жұмды. Бұл туралы бүгін орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында ҚР денсаулық сақтау министрі Біртанов Елжан Амантайұлы мәлімдеді.

Елжан Амантайұлы: Қазіргі уақытта Республикада жылдың басынан бастап менингит инфекциясына шалдыққан 58 адам тіркелген.  Менингитке шалдыққан науқастардың он сегізі 14 жасқа толмаған балалар. Жылдың басынан бері менингит ауруының салдарынан 12 адам көз жұмды. Олардың бесеуі тағы да 14 жасқа толмаған балалар.

Денсаулық министрі сонымен қоса аталған аурудың алдын алу үшін дер кезінде медициналық көмекке жүгінуді ұсынып, «Бұл қауіпті аурудың алдын алу шараларын жасап медициналық көмекке дер кезінде жүгініп, вакцинадан өтуі қажет», деп мәлімдеді.

Өткен жылдармен салыстырғанда менингит ауруынан қаза тапқан адамдардың ең көбі 2015 жылы тіркелген болатын. Қауіпті ауру салдарынан аталған жылы 429 адам, 2016  жылы 120, 2017 жылы 62 адам қаза тапқан.

Еске саламыз, менингит ауруының алғашқы жағдайы елде сәуір айында тіркелген болатын.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз