World Justice Project (WJP) халықаралық ұйымының құқық үстемдігі бойынша әлемдік рейтингісінде Қазақстан 9 баспалдақ аттап, 64-орынға жайғасты. Индонезиядан төмен, Беларусьтен жоғары жайғасқан еліміз Буркино-Фасомен бірге рейтінгіде ең жылдам ілгерілеген елдердің көшін бастады.
113 ел келтірілген бұл тізімді Дания, Норвегия мен Финляндия көш бастады, ал көш соңында Ауғанстан, Камбоджа және Венесуэла орналасқан. Әлемнің дамыған 20 елі қатарына кіретін Түркияның бұл тізімде 101-ші орыннан көрінуі таңғалдырды.
38-ші болған Грузия 4 орын сырғыса да, посткеңестік елдер арасында Эстониямен (12-ші) қатар құқыққа үстемдік берген елдер қатарына енді. Украина 77-орында, Молдова 78-орында тұр. Шекаралас елдерден Қытай 75-орында, Қырғызстан – 82, Ресей – 89, Өзбекстан 91-орында болса, Түркіменстан бұл тізімге ілінбеді. Орталық Азияның тағы бір республикасы Тәжікстан да бұл рейтингіден табылмады.
Құқық үстемдігі рейтингі 2010 жылдан бері жыл сайын жарияланып келеді. WJP бұл тізімді әзірлерде мемлекеттегі құқықтық ортаны қамтамасыз етеді деп белгіленген 8 критерийге қарай өлшем жасайды. Аталмыш критерийлер және сол бойынша Қазақстанның әлемдік рейтингідегі орнына үңілсек: билік институттары өкілеттіктерін шектеу (85-орын), жемқорлықтың жоқтығы (66-шы), билік институттарының ашықтығы (70-ші), негізгі құқықтардың сақталуы (94-ші), тәртіп және қауіпсіздік (36-шы), заңдардың орындалуы (71-ші), азаматтық сот (50-ші) және қылмыстық сот (70-ші) көрсеткіштері.
Ерлан Мұқан