Ким Чен Ын ядролық қарудан бас тартты

0
73
дереккөзден

КХДР көшбасшысы Ким Чен Ын ядролық және зымыран сынақтарының тоқтатылғанын жариялады. Аталған шешім 20 сәуірде Солтүстік Кореяның билеуші партиясының орталық комитетінің отырысында қабылданды, деп хабарлайды “Рёнхап”.

Агенттік таратқан ақпарға сәйкес, 21 сәуірден бастап Солтүстік Кореяда ядролық сынақтар, құрылық аралық баллистикалық зымырандардың ұшырылуы тоқтатылатын болады. Бұдан өзге Солтүстік Кореяда ядролық полигон жабылады. Ким Чен Ынның сөзіне сәйкес, енді мемлекет әрі қарайғы сынақтар өткізуге мұқтаж емес. Ядролық полигон Пхеньянның ядролық сынақтарды тоқтату ниетіне дәлел.

АҚШ басшысы оң қабақ танытты

КХДР басшылығының аталған шешімін АҚШ президенті Дональд Трамп жылы қабылдады. Өзінің Twitter-дегі парақшасында АҚШ президенті аталған жағдайды «КХДР мен әлем үшін жақсы жаңалық – үлкен прогресс» деп атады. Сондай-ақ Трамп Ким Чен Ынмен алдағы кездесуді күтіп жүргенін жазады.

Оңтүстік Корея мен Жапония шешімді құп алды

Өз кезегінде Оңтүстік Корея КХДР-дың ядролық және зымыран сынақтарын тоқтату туралы шешіміне оң көзқарас танытты, аталған шешім кореяаралық саммиттің және КХДР мен АҚШ арасындағы саммиттің сәтті өтуіне қалыпты жағдай тудырады, деп хабарланады Оңтүстік Корея президенті әкімшілігінің мәлімдемесінде.

Жапонияның премьер-министрі Синдзо Абэ КХДР-дың шешіміне «Бұл алға жылжу. Мен мұны құптаймын», – деп мәлімдеді, деп жазады Киодо агенттігі.

Сафина Саид

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз