Ким Чен Ын Си Цзиньпинмен Сингапур саммитін талқылайды

0
96
Reuters

Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Ын 19 маусымда Қытайға екі күндік мемлекеттік сапармен келді. Қытайдың “Синьхуа”  агенттігі таратқан ақпарға сәйкес, КХДР басшысы Қытай басшысы Си Цзиньпинмен АҚШ басшысы Трамппен болған кездесуінің жай-күйін талқылайды.

Сингапурде өткен АҚШ-КХДР саммитінің күн тәртібіндегі басты тақырыптың бірі – Солтүстік Кореяның ядролық бағдарламасының келешегі болды. Тараптар Солтүстік Кореяның Корей түбегін толықтай ядролық қарусыздандыру мәмілесіне қол жеткізді.

Ким Чен Ын Трамптың АҚШ-қа шақыртуын қабыл алды, өз кезегінде Ақ үй басшысы Ким Чен Ынның Пхеньянға шақыртуына келісімін берді. Екі тарап та бұл саммиттің болашақта АҚШ пен Солтүстік Кореяның екіжақты қарым-қатынасына серпін беретіндігіне сенім білдірді.

Атап өтерлігі, Ким Чен Ын осы жылдың наурыз айында Қытайға мемлекеттік сапармен барып, Си Цзиньпинмен кездескен еді. Бұл сапар КХДР басшысының президенттік лауазымындағы алғашқы жасаған сапары болды.

Сафина Саид

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз