Трамп “Еуропаның қатесін қайталамайды”

0
59
Euronews

АҚШ президенті Дональд Трамп Еуроодақтың миграциялық саясатын сынға алып, миграциялық саясаттың салдарларын мысалға келтірді. Трамп өзіне дейін билік еткен демократтардың өз арттарынан «әлемдегі иммиграцияға қатысты ең нашар заңдар» қалдырды деп атап өтіп, Германиядағы жағдайды еске салды.

Трамп өзінің Twitter парақшасында «Германия халқы өз басшылығынан теріс айналуда», – деп жазды. Германияда қылмыс деңгейі артуда деген Трамп «Еуропаның анық қатесі – миллиондаған адамды аумағына енгізуге мүмкіндік бергендігі, олар жергілікті мәдениетті күштеп өзгертуде. АҚШ-қа да бұл қауіп төнуде», – деп жазды.

Кейіннен АҚШ басшысы баспасөз конференциясы барысында да мигранттар жайына қайта оралып, «Еуропаның қатесін қайталамауға» уәде берді, деп жазады Euronews.

«АҚШ мигранттарға арналған лагерь болмайды», – деген Трамп Еуропа мен өзге де аймақтарда орын алып жатқан жайттарға назар салуды алға тартып, өз басшылығында АҚШ-та мұндай жағдайлардың орнамайтынын атап айтты.

Өз кезегінде Трамптың мигранттарға қатысты қатаң бастамаларынан кейін Америка аумағында арнайы орталықтарда заңсыз мигранттардың 2000-ға жуық балалары орналасқан, ал олардың ата-аналары сот шешімін күтуде.

Құқық қорғаушылар мұндай әрекетке қарсылық танытты, өз кезегінде БҰҰ Бас хатшылығының өкілі Стефан Дюжаррик халықаралық құқық заңдарына сәйкес, заңсыз мигранттарға да құрмет көрсету керектігін алға тартып, балаларды ата-аналарынан айыруға болмайтындығын атап өтті.

Өз кезегінде Трамп заңсыз мигранттар балаларды АҚШ аумағына кіру үшін пайдаланады деген уәж айтты.

 

Сафина Саид

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз