Пойыз апатынан зардап шеккендерге өтемақы төленеді

0
42

Үкімет отырысында «ҚТЖ» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Қанат Алпысбаев «Астана-Алматы» бағытындағы жолаушылар пойызы вагондарының рельстен шығып кетуіне байланысты болған жл апатынан қаза тапқан баланың отбасы мен апаттан зардап шеккендерге «Қазақстан темір жолы» ҰК» ерікті түрде өтемақы төлейді, деп мәлімдеді.

Қанат Алпысбаев: «9-Астана-Алматы бағытындағы пойызда 20 вагон болған. Жолдан шыққан 8 вагонның екеуі аударылып, апаттан 23 адам зардап шекті. Зардап шеккендердің бірі қаза тапты. Бір жолаушының аяғы сынып Шу қаласындағы ауруханаға жеткізілді. Компания мерт болған жеткіншектің отбасына барлық қажетті көмекті көрсетіп жатыр. ҚР заңнамасы негізінде қаза тапқан баланың отбасына 2 миллион 405 мың теңге компенсациясын және зардап шеккен жолаушыларға 500 мың теңгеден 1 миллион теңгеге дейін ерікті түрде өтемақы төлеу туралы шешім қабылдады.


ҚР Премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев Шу станциясы аймағындағы апат салдарын тексеру жұмыстарын қадағалауды тікелей бақылауында ұстайтынын мәлімдеді.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз