Сағынтаев Шудағы апатта қаза тапқан баланың отбасына көңіл айтты

0
56

Бүгін ҚР Премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев Үкімет отырысында жоспарланған кезекті мәселелерді талқыламас бұрын Шу станциясы аймағындағы апаттан қаза тапқан жасөспірімнің отбасына көңіл айтты.

Бақытжан Сағынтаев:Шу станциясы аймағында болған Астана-Алматы бағытындағы пойыз вагондарының желісінен шығып кетуі салдарынан, өкінішке орай 1 бала қаза тауып ондаған адам жарақат алды. Қазақ тапқан жасөспірімнің отбасы мен туған-туыстарына көңіл айтамын.


Министрдің айтуы бойынша қазіргі уақытта апат болған аймақта Инвестиция және даму министрлігі мен Қазақстан темір жолы компаниясының бірлескен комиссиясы тексеру жұмыстарын жүргізуде.

Айта кетейік, Шу аймағындағы апат салдарынан қаза тапқан баланың отбасы мен апаттан зардап шеккен адамдарға материалдық көмек көрсетіледі.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз