Қытай елінің конституциясына енгізілген түзетулердің арқасында Си Цзиньпин кезекті рет қайта сайланды. Парламент Си Цзиньпинге бірауыздан дауыс берді, деп хабарлайды Kazaknews.kz тілшісі DW сайтына сілтеме жасап.
10 наурыз, жұма күні Бүкілқытайлық халық өкілдері жиналысы Си Цзиньпинді үшінші бес жылдық мерзімге ҚХР Төрағасы қызметіне қайта сайлады. Си Цзиньпин кандидатурасын қолдау үшін барлық 2952 депутат дауыс берген.
2018 жылы ел конституциясына президенттің ешқандай шектеусіз қайта сайлануына мүмкіндік беретін ереже қабылданған. Бұған дейін ел президенті тек екі мәрте ғана президенттік қызмет атқара алатын болған.