Дүниежүзілік мұхитта 171 триллионнан астам пластмасса бар

0
152
фото: BBC/gettyimages

Ғалымдардың бағалауы бойынша, қазіргі уақытта Дүниежүзілік мұхитта 171 триллионнан астам пластмасса бар, деп хабарлайды Kazaknews.kz тілшісі BBC агенттігіне сілтеме жасап.

Пластик, балық пен теңіз жануарларының өліміне әкелетін қауіп болып тұр. Тіпті ол микроэлементтерге бөлініп адам ағзасына да енеді. Ал табиғатта пластиктің зиянды емес нәрсеге айналуы үшін бірнеше ғасыр қажет.

2005 жылы мұхиттағы пластикалық заттардың саны 16 триллион деп бағаланған. Содан бері қазіргі кездегі есеп бойынша олардың саны 10 еседен астам өскен. Бұл жерде жаңадан қосылған пластиктерден бөлек бұрыннан келе жатқандары да есептелінген.

Киттер, тасбақалар, балықтар, сондай-ақ кейбір теңіз құстары сияқты теңіз жануарлары пластикті тамақ деп ойлап, сонымен қоректенер болса, асқазандары пластмассамен бітеліп, аштықтан қырылып қалу қаупі бар.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз