Қазақстан мен Түрікменстан арасында әуе қатынасы қайта ашылады

0
214
Ұшақ. Көрнекі сурет.

Ұшу географиясын кеңейту және халықаралық рейстер санын ұлғайту жөніндегі жұмыс шеңберінде Азаматтық авиация комитеті түрікмен тарапымен бірлесіп, әуе қатынасын жаңарту мәселесін пысықтады, деп хабарлайды Kazaknews.kz тілшісі.

Осылайша, “Түрікменстан” әуекомпаниясы 26 наурыздан бастап екі ел арасындағы тұрақты жолаушылар рейстерін қайта бастауды жоспарлап отыр.

Рейстер Алматы-Ашхабад бағыты бойынша аптасына 2 рейс жиілігімен сейсенбі және бейсенбі күндері “Боинг-737” үлгісіндегі әуе кемесінде орындалады.

Әуе қатынасын жаңарту елдер арасындағы сауда-экономикалық, іскерлік, туристік және мәдени ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал етеді.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз