Кремль резиденциясына жасалған шабуылдан кейін Ресей қандай шара қабылдайды

0
35

3 мамырға қараған түні Владимир Путиннің Кремль резиденциясына екі дрон шабуыл жасаған. Бұл уақытта Ресей президенті жұмыс орнында болмаған, деп хабарлайды Kazaknews.kz тілішсі BBC-ге сілтеме жасап.

Ресейлік саясаткерлер және билікке жақын блогерлер бұл оқиғаға байланысты Украинаға аяусыз жауап беру керек деуде. Алайда Киев бұл шабуылға ешқандай қатысы жоқ екендігін мәлімдеді.

Айта кетейік, бұған дейін әлеуметтік желілерде ұшқышсыз ұшу аппаратының Кремльге шабуыл жасап, жарылып кеткен видеолары тараған еді.

Бұл оқиғаға байланысты Ресей президентінің баспасөз қызметі:

“Ресей тарапы қай жерде және қашан қажет деп санаса, жауап беру құқығын өзіне қалдырады”, – деп мәлімдеме жасады.

Ресей мемлекеттік думасының депутаты Михаил Шеремет, Киевтегі Украина президенті Владимир Зеленскийдің резиденциясына ракетамен шабуыл жасауға шақырған.

“Киевте террористер отыр және олармен келіссөздердің мағынасы жоқ екені белгілі. Оларды тез және аяусыз жою керек. Киевтегі Зеленскийдің резиденциясына зымыран соққысын жасау керек. Оның координатын беруге дайынмын: Банковая көшесі, 11”, – дейді депутат.

Бұдан бөлек Украина президенті Владимир Зеленскийді “физикалық түрде жоюға” Қауіпсіздік Кеңесі төрағасының орынбасары, Ресейдің бұрынғы президенті Дмитрий Медведев шақырды. Ресейлік Russia Today телеарнасының бұрынғы жүргізушісі Антон Красовский “Зеленскийдің ұшағын атып түсіруді” ұсынды.

Ал, Солтүстік Еуропа елдерінің саммиті кезінде өткен баспасөз мәслихатында Украина президенті Владимир Зеленский Киевтің Кремльге жасалған шабуылдарға қатысы бар деген айыптауларды жоққа шығарды.

“Біз Путинге де, Мәскеуге де шабуыл жасамаймыз, өз аумағымыз үшін күресеміз, ауылдарымыз бен қалаларымызды қорғаймыз. Бізге бұл үшін қару-жарақ жетіспей жатқан кезде, оны басқа жер үшін қолданбаймыз. Оқ-дәрі тапшылығы кезінде оны кез келген жерде пайдалана алмаймыз”, – деді Зеленский.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз