Латвия президенті Раймондс Вейонс елдегі орта білімді тек мемлекеттік тілде оқытуға көшу туралы жарлыққа қол қойды.
Бұдан кейін Латвия мектептерінде тек латыш тілінде ғана білім беріледі. Елдегі орыс тілдің мәртебесіне қатысты түзетулерді Латвия билігі қоғам қайраткерлері мен саяси партиялар, мұғалімдер мен ата-аналардың наразылығына қарамастан жариялады.
Латвия Республикасының президенті білім туралы заңға енгізілген түзетулерді «Бұл шара мектеп оқушыларының сапалы білім алуы мен Латвияда жақсы өмір сүруіне мүмкіндік береді. Елдің әл-ауқатын жақсартумен қоса қоғамның бірлігін арттырады», – деп түсіндірді.
Білім саласындағы бұл өзгерістер 2019 жылдың 1 қыркүйегінен бастап іске асырылады.