Путин Ресей президенті куәлігін алды

0
88

Орталық сайлау комиссиясының (ОСК) төрағасы Элла Памфилова Владимир Путинге Ресей президентінің куәлігін табыстады. Бұл туралы Ресей Федерациясы (РФ) президентінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Сондай-ақ РФ ОСК төрағасы Путинді «сенімді түрдегі таза жеңісімен» құттықтады.

Путин өз кезегінде ОСК төрағасына «ел үшін өте маңызды» жалпыхалықтық жұмыс атқарылғаны үшін алғысын жеткізді. Э. Памфилова елде жүргізілген сауалнамаға сәйкес, азаматтардың 88% дауыс берудің әділ қорытындысына сенім білдіретіндігін атап өтті. «Сайлау ашық өтті, әлемде теңдесі жоқ», – дейді Э. Памфилова.


Ресей президентін сайлау осы жылдың 18 наурызында өтті. Сайлау қорытындысы бойынша В. Путин 76,69 % дауыс жинап, РФ президенті лауазымына қайта сайланды. Дауыс беруге жалпы саны 73 млн 629 мың (67,54 %) азамат қатысты.

Сафина Саид

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз